Елімізде 18 мыңнан астам бала церебральды сал ауруымен ауырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елімізде 18 мыңнан астам бала церебральды сал ауруымен ауырады

Елімізде 18 мыңнан астам бала церебральды сал ауруымен ауырады

Елімізде 18 мыңнан астам бала церебральды сал ауруымен ауырады. Ерекше балалардың жүріп-тұруына көмектесу үшін цифрлық технологиялар арқылы жұмыс істейтін құрылғыларды көбейту керек. Осы мәселе бүгін Астанада өткен «Балаларды оңалтудағы инновациялық тәсілдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда кеңінен талқыланды. Жиынға отандық дәрігерлермен қатар Франция, Италия, Қытай, Түркия секілді алыс-жақын шетелдерден 300-ден астам дәрігер мен логопед-дефектолог қатысты. Олар өзара тәжірибе алмаса отырып, медицинадағы инновациялық құрылғыларды меңгеру, сол арқылы ауыр дертке шалдыққандарға ем табу жайын қарастырды.

Ажар Ғиният, ҚР ДСМ Ұлттық балаларды оңалту орталығы басқарма төрағасы:

Реабилитациялық орталықтарға ең көп келетіндер, бірінші тұрған диагноз – сал ауруымен ауыратын балалар. Екінші орынға аутизм шығып келе жатыр. Қазір басқа мемлекеттерде роботталған реабилитацияға көп көңіл бөлініп жатыр. Жаңа технологияларды үйренуіміз керек.

Жанел Өтеулі

Автор
Редакция
Бөлісу