Қазақстан мен Франция елімізде жасанды интеллект зертханасын ашпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Франция елімізде жасанды интеллект зертханасын ашпақ

Қазақстан мен Франция елімізде жасанды интеллект зертханасын ашпақ

Қазақстан мен Франция компаниялары елімізде жасанды интеллект зертханасын ашады. Келісім бүгін «Қазақстан – Франция» инвестициялық форумында жасалды. Былтыр екіжақты тауар айналымы 31%-ға өсіп, $5,5 млрд-қа жеткен. Биыл бұл көрсеткіш еселене түспек. Бүгінгі басқосуда тараптар жаңа жобаларды бірге жүзеге асыруға келісті. Яғни энергетика, көлік, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және тағы басқа салалар бойынша 16 келісімге қол қойды. 300-ге жуық делегат қатысқан жиында француз спикерлері қазақстандық нарыққа жоғары қызығушылық барын атап өтті.

Куентин Адам, «Clever Сloud» компаниясының басшысы:

Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы орны ерекше. Біріншіден, мұнда математика бағытындағы мықты мектептер бар. Екіншіден, энергия бағасының төмендігі мен географиялық жағдайы Қазақстанды өңірлік технологиялық орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді. Біз QazCloud-пен бірлесіп, тек ChatGPT сияқты өнімдермен шектелмей, өнеркәсіпке қажетті нақты құралдарды әзірлемекпіз. Ал зертхананы Қазақстанның қай өңірінде салатынымызды таяуда жариялаймыз.

Темірлан Нұрсолтан

Автор
Редакция
Бөлісу