Ресей Украинаға қақтығысты реттеу шарттары көрсетілген меморандумды ұсынуға дайын
Ресей Украинаға қақтығысты реттеу шарттары көрсетілген меморандумды ұсынуға дайын. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтуынша, құжат украиналық делегацияға маусымның 2-де Ыстанбұлда өтетін тікелей келіссөз барысында тапсырылады.
Сергей Лавров, Ресей Сыртқы істер министрі:
Ресей тарапы дайындаған меморандумда дағдарыстың түпкі себептерін сенімді түрде еңсерудің барлық аспектісі бойынша Ресейдің ұстанымы көрсетілген. Владимир Мединский бастаған делегация Украина делегациясына осы меморандумды келесі дүйсенбіде Ыстанбұлда жалғасатын тікелей келіссөздердің екінші раунды кезінде ұсынуға және қажетті түсініктемелерді беруге дайын
Украина тарабы болса, Ресейге дағдарысты бейбіт реттеуге қатысты өз меморандумын жіберген. Мұны Қорғаныс министрі Рустем Умеров мәлімдеді. Ол Украина атысты толық тоқтатуға дайын екенін және Ресей өкілдерімен кездесуге қарсы емес екенін растады. Умеров Ресей жағы өз меморандумын Украинаға беруді кешіктіріп жатқанын мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner