2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол жөнделеді
2029 жылға дейін теміржол желілерінің 11 мың шақырымы жөнделеді. Биыл 1,48 мың километр жолды қалыпқа келтіру жоспарланған. Көлік министрлігінің мәліметінше, елде 125 вокзал жөндеуді қажет етеді. Олардың ішінде 21 вокзал танымал туристік бағыттарда орналасқан. Бүгінде құрылыс жұмыстары 92%-ға аяқталған. Сондай-ақ биыл жазда пойыздарда 1 млн-ға жуық қосымша орын ұйымдастырылмақ. Яғни, 7 млн-нан астам жолаушыны тасымалдау жоспарланған. Өйткені бұл жолы 12 жаңа бағыт ашылып, теміржол қызметінің қолжетімділігі артады.
Жәнібек Тайжанов, Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы:
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының магистральдық теміржол желісі бойынша 154 бағытта пойыздар қатынауда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша теміржол көлігімен 20,8 млн жолаушы тасымалданды, өсім 6% деңгейінде болды.
Динара Жарқынбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner