Дүниежүзілік банк Қазақстанмен бірлесіп 48 жобаны жүзеге асырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Дүниежүзілік банк Қазақстанмен бірлесіп 48 жобаны жүзеге асырды

Дүниежүзілік банк Қазақстанмен бірлесіп 48 жобаны жүзеге асырды

Аустриялық компания Алматы облысында сауда орталығын салуға ниетті. Бүгін инвесторлар Премьер-министр Олжас Бектеновпен кездесіп, жобаны жүзеге асыру тетіктерін талқылады.Тараптар ірі орталықтың салынуы - шағын және орта бизнесті дамытуға, инвестиция тартуға және тауар айналымын арттыруға тың серпін беретініне сенім білдіруде. Осылайша, аустриялық инвесторлар еліміздің сауда және туристік әлеуетін дамытуға дайын екендерін жеткізді. Сондай-ақ Үкімет басшысы Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің вице-президенті Антонелла Бассанимен кездесті. Тараптар инфрақұрылымды жаңғыру жолдарын талқылады. Энергетика, су құбыры желілері, логистика, трансшекаралық су жобалары, цифрландыру бағыттарына басымдық берді. Дүниежүзілік банк елімізбен жалпы құны 8 млрд доллардың 48 жобасын іске асырды. Бұл 32 жылдың ішіндегі нәтиже.

Самал Қабышева

Автор
Редакция
Бөлісу