4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. 1992 жылы дәл осы күні Ту, Елтаңба және Әнұран ресми түрде бекітілген. 2007 жылдан бастап бұл күн «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық Заң аясында жыл сайын тойланып келеді. Биыл егемендігіміздің нышанына айналған қасиетті символдарға 33 жыл толып отыр. Айтулы күнге орай ел аумағында бірқатар іс-шара жоспарланған. Мерекелік концерттер, түрлі байқау мен патриоттық кештер өтеді. Елтаңба авторы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттың болмысын, тарихы мен тағдырын, арманы мен мұратын бедерлеген киелі белгілер. Әрбір азаматтың жүрегіндегі мақтаныш пен жауапкершілік», - деді.
Жандарбек Мәлібеков, ҚР Елтаңбасының авторы:
Мұның ішінде мыңдаған жылдардан бері ата-бабалар рухы жатыр. Біздің дәстүріміз, философиямыз, демократиямыз, еркіндігіміз, болашағымыз осы рәміздерде көрініс тапқан. Сондықтан қастерлеуіміз керек. Жастарға әр уақытта насихаттап, тәрбиелей беруіміз керек.
Динара Жарқынбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner