Қазақстан мен Маврикий визасыз режимге өтуі мүмкін
Осы аптада Астанада жоғары деңгейдегі саяси іс-шаралар көп болды. Астана халықаралық форумы өтті. Италияның премьер-министрі ресми сапармен келді. Ал кеше, жиындар марафонын алғаш рет өткен Орталық Азия-Италия саммиті түйендеді. Жиындарда салмақты ойлар айтылып, ұсыныстар ортаға салынды. Тараптарға тиімді көптеген келісімдер жасалды. Мәселен, Қазақстан мен Маврикий визасыз режимге өтуі мүмкін. Бұл туралы Астана Халықаралық форумына қонақ болған Маврикийдегі Қазақстан Республикасының Құрметті Консулы айтты.
Дик Нг Суи Ва, Маврикийдегі Қазақстан Республикасының құрметті консулы:
Біздің басты мақсатымыз – екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту. Сонымен қатар, біз визасыз режим енгізуге тырысып жатырмыз. Біз оны осы жылдың соңына дейін жүзеге асырамыз деп үміттенеміз. Маврикий – Африкаға жақын орналасқан. Осылайша, Қазақстандықтар көркем аралға келе алады. Ал маврикийліктер Орталық Азияны зерттеп, саяхаттай алады.
Темірлан Нұржанұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner