Әлемдік БАҚ: «Орталық Азия-Италия» саммиті: жаңа бастама - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Әлемдік БАҚ: «Орталық Азия-Италия» саммиті: жаңа бастама

Әлемдік БАҚ: «Орталық Азия-Италия» саммиті: жаңа бастама

Кеше Астанада өткен «Орталық Азия-Италия» саммиті туралы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатыр. Жоғары деңгейдегі саяси іс-шара туралы жаңалық Италияның Notizie басылымында жарық көрді.

Мақала авторы саммитке аса маңызды кездесу деп баға берген. «Астананың форумды өткізу орны ретінде таңдалуы - кездейсоқ емес. Қазақстанның астанасы Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстың символы, мәдениеттер мен экономикалық мүмкіндіктердің тоғысқан жері» - делінген мақалада.

«Италия премьер-министрі Қазақстанды Орталық Азиядағы стратегиялық серіктес деп атады». Түріктің «Анадолы агенттігі» мақаласына осындай тақырып беріпті. Италия премьері жиында жаһандық сын-қатерлер жағдайында барлық деңгейдегі ынтымақты арттыру маңызды екенін атап өткен еді.

Ауқымды шара туралы халықаралық «Эйньюс» ақпарат агенттігі де жазды. «Астанада бірінші Орталық Азия – Италия саммиті өтті. Соңында саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірлескен декларация қабылданды» делінген мақалада.

Арай Төлегенқызы

Автор
Редакция
Бөлісу