Атырауда үш күн бұрын басталған қамыс өрті әлі басылмады
Атырауда үш күн бұрын басталған қамыс өрті әлі басылмады. Жалынды ауыздықтау үшін төтенше жағдай қызметкерлері күн-түн демей жанталасып жатыр.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Қызыл жалыннан ауылдарға әзірге қауіп жоқ. 31 мамыр басталған өрттің ошағы қала іргесіндегі Дамбы ауылынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл аумақ «Ақжайық» резерватына тиесілі. Қазір оқиға орнында 100 шақты адам мен 25 техника жұмыс істеуде. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 980 гектар аумақ күлге айналған. Қазір 4 жерде 15 гектардай аумақ жанып жатыр. Кеше өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылып, 30 тоннадай су шашылды. «Өртке оранған аумақ қамыс, сулы-батпақты болуы шамалы қиындық келтіруде»,-дейді мамандар.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner