«Qazaqstan» телеарнасы «Таза Қазақстан – таза болашақ» республикалық телемарафонын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Qazaqstan» телеарнасы «Таза Қазақстан – таза болашақ» республикалық телемарафонын өткізеді

«Qazaqstan» телеарнасы «Таза Қазақстан – таза болашақ» республикалық телемарафонын өткізеді

5 маусымда «Qazaqstan»  телеарнасында «Таза Қазақстан – таза болашақ» республикалық телемарафоны өтеді. Табиғатты аялауға шақыратын іс-шара дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күні аясында ұйымдастырылмақ. Телемарафон таңғы сағат 07:00-де «Таңшолпан» бағдарламасынан басталып, кешкі 20:00-ге дейін «Ақпараттың» 6 арнайы тікелей эфирі арқылы көрсетіледі. Әр шығарылым сайын еліміздің түпкір-түпкіріндегі ерекше бастамалар, экология саласындағы еріктілер мен мамандардың ерен еңбегі және су ресурстарын үнемдеудің маңызы туралы тың деректер айтылып, 20-дан астам сарапшымен сұхбат жүргізіледі.

Сондай-ақ Есіл өзенінің жағасында көшпелі студия жұмыс істейді. Еліміздің бірнеше өңірінен, тіпті шет мемлекеттерден тікелей қосылымдар да жоспарланған. Бұдан бөлек сағат 20:30-да «Ашық алаң» бағдарламасында қоғамның экомәдениеті, Қазақстандағы экологиялық мәселелердің шешілу жолдары талқыланады. Бұл телемарафон болашақ ұрпаққа таза және қауіпсіз орта қалдырып, қоғамның бірлігі мен жауапкершілігін еселеуді көздейді. 

Ернұр Медет

Автор
Редакция
Бөлісу