Түркияда тағы жер сілкінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Түркияда тағы жер сілкінді

Түркияда тағы жер сілкінді

Түркиядағы жер сілкінісінен ғимараттар аман. Бірақ 14 жастағы қыз бала қаза тауып, 69 адам зардап шеккен. Олар биіктен секірген дейді жергілікті ішкі істер министрлігі өкілдері. Қазір 46-сы ауруханада жатыр. Бүгін Түркияның Жерорта теңізі жағалауындағы Мармарис ауданында 5,8 баллдық жер сілкінісі болды. Оны Анталия, Измир, Айдын, Денизли, Маниса, Мұғла және Грекияның Родос аралының тұрғындары да сезінген. 

Арыстан Рысбек

Автор
Редакция
Бөлісу