Әлеуметтік портал арқылы 226 мың адамға қызмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Әлеуметтік портал арқылы 226 мың адамға қызмет көрсетілді

Әлеуметтік портал арқылы 226 мың адамға қызмет көрсетілді

Жыл басынан бері 226 мың мүмкіндігі шектеулі адамға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көмек көрсетілді. Оның ішінде шамамен 173 мыңы техникалық оңалту құралдарына, 7 мың 700-і ым тілі қызметтеріне, 24 мыңнан астамы жеке көмекші қызметтеріне, ал 21 мыңы санаторлық-курорттық емделуге тапсырыс берген.

Қазір Порталда 643 арнайы әлеуметтік қызмет ұсынушы, мыңға жуық арнайы техниканы жеткізуші, 31 мыңнан астам жеке көмекші, ымдау тілі қызметтерін көрсететін 757 және 131 санаторлық-курорттық емдеу орны тіркелген. Портал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арба, ортопедиялық протез сынды заттарды өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.

Оңғар Алпысбайұлы

Автор
Редакция
Бөлісу