Маңғыстау облысында Құрық порты арқылы Еуропаға жүк көліктері жүре бастады
Маңғыстау облысында Құрық порты арқылы Еуропаға жүк көліктері тасымалдана бастады.
Өткен айда 100 автокөлік Баку портына жеткізілген. Енді ай сайын 500 көлік тасымалдау жоспарда. Жүк айналымы 19 млрд долларды құрамақ. Ақтау халықаралық әуежайы да жүкті сақтап, тиеп, ұшақпен тасуға көмектеседі. Осы мақсатта Құрық порты мен әуежай басшылығы қытайлық компаниямен келісімшарт жасады. Бұл Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бойынша жүк тасымалын арттыруға айтарлықтай ықпал етпек.
Серік Ахметов, Құрық портының басшысы:
Маңғыстаудың географиялық орналасуын ескерсек, бұл келісімдер Құрық портының қазіргі әл-ауқатын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының жолдауында айтылған «Жасыл дәлізді» дамытамыз. Өңірдегі порттар арқылы тасымалданатын жүктің көлемі артады.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner