Президент сайлауында Ли Чжэ Мён жеңіске жетті
Оңтүстік Кореяда өткен кезектен тыс президент сайлауында оппозициялық Демократиялық партия атынан кандидат Ли Чжэ Мён жеңіске жетті. Саясаткерді халықтың 49 пайызы қолдаған. Халық алдында сөйлеген сөзінде Ли Чжэ Мён президенттің міндеті — халықты біріктіру екенін ұмытпайтынын мәлімдеді. Ал оның басты қарсыласы Ким Мун Су жеңілгенін мойындап, жеңімпазды құттықтады. «Халық күші» партиясының өкілі сайлаушылардың 41 пайыз дауысын жинаған. Елде кезектен тыс сайлау экс-президент Юн Сок Ельге әскери жағдай енгізбек болғаны үшін импичмент жарияланғаннан кейін өтіп отыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner