Алматыда кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Алматыда қылмыстық топқа қатысы бар жеке күзет мекемесінің заңсыз әрекеті әшкереленді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері бизнес нысандарын күшпен тартып алу мақсатында ойын-сауық орындарының басшылары мен қызметкерлеріне қысым көрсетіп, заңсыз әрекеттер жасаған. Кейіннен олар кәсіпкерлік нысандарын күшпен басып алып, сол жерлерде «қауіпсіздік» қызметін жүзеге асырған. Қазір қылмыстық топтың ондаған мүшесі ұсталып, тергеу басталды.
Қуандық Алпыс, ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:
Барлығы қылмыстық топтың 20 мүшесі ұсталды. 40-тан астам тінту жүргізіліп, 7 атыс қаруы және жүзден астам оқ-дәрі алынды. Бұзақылық, бопсалау, адам ұрлау, өз бетінше билік жүргізу және денсаулыққа зиян келтіру фактілері бойынша қылмыстық істер тергелуде.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner