Соңғы 5 жылда геология саласына $1 млрд инвестиция тартылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Соңғы 5 жылда геология саласына $1 млрд инвестиция тартылған

Соңғы 5 жылда геология саласына $1 млрд инвестиция тартылған

Соңғы 5 жылда геология саласына 1 млрд доллар инвестиция тартылған. Бұл туралы бүгін XV халықаралық тау-кен конгресінде айтылды. Осындай форумдардың елге қаржы тарту ісінде септігі мол, деді өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан. Биыл конгрестің мерейтойлық мәртебесі оның маңыздылығын арттыра түсті. Жиынның алғашқы күнінде шет мемлекеттермен ынтымаққа баса назар аударылады. Швеция мен Қазақстан арасындағы серіктестік, Канаданың тау-кен саласындағы үздік тәжірибесі ұсынылады. Конгресс аясында Molymet компаниясымен меморандумға қол қою жоспарланған. Бұл кәсіпорын әлемде молибден мен ренийді өңдеу бойынша1-орында.

Ғалымжан Төребек, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитет төрағасының орынбасары:

Бірінші меморандум болады. Оны одан әрі жетілдіреміз. Сосын осы елімізде молибден өндірісі бойынша зауыт салу талқыланады. Молибден – ол аса маңызды шикізаттардың бірі. Қолданылатын бағыты өте үлкен. Сирек металл ғой. Оның стратегиялық бағыты да үлкен.

Ернұр Медет

Автор
Редакция
Бөлісу