5 маусым күні «Qazaqstan» телеарнасында республикалық телемарафон өтеді
«Иман, ынтымақ, тазалық». Осындай атаумен Атырауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында дін өкілдері мен этномәдени бірлестік мүшелері қатысқан жиын өтті. Шарада әртүрлі бағытта баяндамалар оқылып, қатысушылармен ашық диалог орнады. Басты мақсат – қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыру, насихаттау, сондай-ақ діннің тазалыққа, экологияға қосатын үлесін атап өту. Жиын соңында әкімдік пен түрлі діни конфессия өзара ынтымақ туралы меморандумға қол қойды.
Арман Хайруллин, облыстық Мәслихат депутаты:
Әрбір азамат елінің болашағына деген, тазалығына деген жауапкершілікті сезінетін болса, онда еліміз оң бағытқа қарай өзгереді. Барлығымыздың мақсатымыз - осы елімізді бұрынғыдан гөрі жасыл, таза, яғни өмір сүруге қолайлы ету.
5 маусым күні «Qazaqstan» телеарнасында республикалық телемарафон өтеді
Ертең - «Qazaqstan» телеарнасында «Таза Қазақстан – таза болашақ» республикалық телемарафоны өтеді. Табиғатты аялауға шақыратын іс-шара Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және экологтар күні аясында ұйымдастырылмақ. Телемарафон таңғы сағат 07:00-де «Таңшолпан» бағдарламасынан басталып, кешкі 20:00-ге дейін «Ақпараттың» 5 арнайы тікелей эфирі арқылы көрсетіледі.
Әр шығарылым сайын еліміздің түкпір-түкпіріндегі ерекше бастамалар, экология саласындағы еріктілер мен мамандардың ерен еңбегі және су ресурстарын үнемдеудің маңызы туралы тың деректер айтылып, 20-дан астам сарапшымен сұхбат жүргізіледі. Сондай-ақ Есіл өзенінің жағасында көшпелі студия жұмыс істейді. Еліміздің бірнеше өңірінен, тіпті шет мемлекеттерден тікелей қосылымдар да жоспарланған. Бұдан бөлек сағат 20:30-да «Ашық алаң» бағдарламасында қоғамның экомәдениеті, Қазақстандағы экологиялық мәселелердің шешілу жолдары талқыланады. Бұл телемарафон болашақ ұрпаққа таза және қауіпсіз орта қалдырып, қоғамның бірлігі мен жауапкершілігін еселеуді көздейді.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
