Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен 3 адамның жағдайы жақсарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен 3 адамның жағдайы жақсарды

Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен 3 адамның жағдайы жақсарды

Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен 3 адамның жағдайы жақсарды. Екі науқас жансақтау бөлімінен жарақат бөліміне ауыстырылды. Аяғы кесілген 8 жасар қыз есін жиған. Дәрігерлердің айтуынша, бүгін палатаға ауыстырылуы мүмкін.

Еске салсақ, дүйсенбі күні кешкісін автобус жол бойындағы бағанға соғылды. Қоғамдық көліктің алдыңғы жағында отырған 15 адам жарақат алған еді. 13 жолаушыға амбулаториялық ем жасалып, үйіне босатылған болатын.

Әйгерім Ардақ, Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Үш науқас стационарлық бөлімде жатыр. Бүгін психолог маманды қосамыз. Яғни, балаға да, анаға да психологиялық көмек көрсетіледі.

Жанел Нұрболат

Автор
Редакция
Бөлісу