Елтаңбада еліміздің тарихынан хабар беретін 41 элемент бар
Еліміздің Елтаңбасында қазақ халқының рухани бай тарихынан хабар беретін 41 элемент бар. Төрден орын алатын төл нышанымыз 194 мемлекеттің ішінде мағынасының тереңдігі мен архитектуралық құрылымы жағынан 9-орынды иеленеді. Мұндағы шаңырақ, кереге, босаға, қошқар мүйіз, қанатты пырақ сынды әр бөлшек ұлттық болмысымыздан сыр шертеді. Елтаңбада шаңырақты көтеріп тұрған 72 уық бар. Бұл алты қанат ақ үйдегі уық санымен бірдей. Ол «Бір ел, бір халық, бір мақсат» тұжырымдамасы негізінде жасалған.
Жандарбек Мәлібеков, ҚР Елтаңбасының авторы:
Ол – бостандықтың белгісі, тәуелсіздіктің белгісі. Мыңдаған жылдан бергі ата-бабаларымыздың рухы жатыр. Біздің дәстүріміз, философиямыз жатыр. Сондықтан бәрін қасиетті деп, қастерлеуіміз керек. Біз осы рәміздерімізді қаншалықты құрметтесек, сонша дами түсеміз.
Ернұр Медет
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner