Мыңдаған мұсылман Меккеде қағбаны айналды
Меккеде адам көп жиналатын қажылық жалғасып жатыр. Бүгін олар таңғы құлшылық барысында Қағбаны айналды. Ал Мина жазығында жамағат екінші күн шайтанға тас ату рәсімін орындаған.
Исламның бес парызының бірі – қажылық жағдайы көтеретін және денсаулығы жарамды әрбір мұсылман үшін міндетті саналады. Былтырғы қажылық кезінде 1600-дей адам қаза тапты. Олардың көбі – аптап ыстық құрбандары. Биыл бұған жол бермеу үшін Саудия үкіметі мыңдаған ағаш отырғызып, жүздеген салқындатқыш қондырғыларын орнатқан. Бұған қоса, қажылыққа ресми рұқсаты жоқтар мен 12 жасқа дейінгі балаларды қабылдауға тыйым салынып отыр. Жаңа ережемен 269 мыңнан астам адам Меккеге кіре алмаған.
Арыстан Рысбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner