Петропавлда мектеп оқушысына әлімжеттік жасап, ақша бопсалаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Петропавлда мектеп оқушысына әлімжеттік жасап, ақша бопсалаған

Петропавлда мектеп оқушысына әлімжеттік жасап, ақша бопсалаған

Петропавлда мектеп оқушысына қатарластары ұзақ уақыт бойы әлімжеттік жасап, ақша бопсалап келген.

Жасөспірім қыздар жапа шегушіні ұрып-соғып, ұялы телефонға түсіріп отырған. Видео Петропавлдағы телеграмм арналардың бірінде жарияланды. Буллинг құрбаны №9 мектептің оқушысы. Қыздың анасы полицияға арызданған. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Айнагүл Сұрағанова, облыстық білім басқармасының басшысы:

Қысым жасаған Петропавл қаласының жасөспірімдері. 14-ші мектептің оқушылары бар, 23-ші және колледж-мектептің оқушылары бар. Бүгінгі күні осы оқиға бойынша полиция бөлімінде тергеу жұмыстары жасалып жатыр.

Эльмира Кәленова

Автор
Редакция
Бөлісу