Атырауда автогаз және жанармай құю бекеттері тексеріледі
Атырау облысындағы автогаз және жанармай құю бекеттері тексеріледі. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды. Еске салсақ 30 мамыр күні Құлсары қаласында газ құю бекетінде жарылыс болған еді. Салдарынан 2 адам қайтыс болып, 14 адам зардап шекті. Қазір аумақта арнайы комиссия жұмыс істеуде. Алдын-ала ақпарат бойынша өртенген бекеттің ешқандай жобалау құжаты жоқ болып шықты. Ал жарылыстың неден болғаны әлі анықталуда. Тергеп-тексеру 1 ай жүргізілмек. Жалпы өңірде 125 жанармай құю бекеті бар. Бұдан бөлек тағы 101 бекет автогаз сатады. Оның 56-сы Атырауда болса, қалғаны аудандарда.
Қайрат Нұртаев, облыс әкімінің орынбасары:
Барлық шара заң шеңберінде алынуы керек. Біздер ертең комиссия құрайық, кім қай жерде қателік жіберді сол заң алдында жауап береді. Мына жерде қала және аудан әкімінің орынбасарлары қатысып отыр ғой, ол жерде тек газ заправкалар ғана емес, түгел жанар-жағармай бекеттері де тексерілуі керек.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner