Қазақ тілін үйренуге көмектесетін оқулық жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақ тілін үйренуге көмектесетін оқулық жарық көрді

Қазақ тілін үйренуге көмектесетін оқулық жарық көрді

Жалпы өзге этнос өкілдеріне қазақ тілін қысқа мерзімде үйренуге көмектесетін оқулық жарық көрді. Владислав Теннің жаңа кітабында қазақ тілін меңгерудің тың тәсілдері, төте жолы көрсетілген. Бүгін «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» атты жиында дәл осындай мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Жан-жақтан жиналған мамандар өңірлердегі бастамалар мен жетістіктерді талдай отырып, алдағы мақсат-міндеттерді айқындады.

Владислав Тен, кітап авторы:

Орыс тілі славян тіліне кіреді, қазақ тілі түркі тіліне жататын тіл болғандықтан сол екі тілдің айырмашылықтары өте көп, сондықтан осы кітап арқылы қазақ тілінің грамматикасын орысша ойланатын адамдарға түсіндіремін. Мысалы, көбінесе қазақ тілін үйрететін кітаптар, қазақ тілінің ана тілі ретінде үйретеді, ал осы кітап оны шет тілі сияқты үйретеді.

Ернұр Медет

Автор
Редакция
Бөлісу