Үндістанның солтүстігінде күн 45 градусқа дейін ысуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Үндістанның солтүстігінде күн 45 градусқа дейін ысуы мүмкін

Үндістанның солтүстігінде күн 45 градусқа дейін ысуы мүмкін

Үндістанда аптап ыстық. Одан адамдармен бірге жануарлар да зардап шегіп жатыр. Сондықтан ел астанасы Нью-Делидің хайуанаттар бағында аңдарды қорғау үшін арнайы шара қолдануға тура келді. Жолбарыстарға, бегемоттарға, маймылдарға су шашылып, олар үшін қосымша су тоғандары, көлеңкелі орындар және диеталық азық әзірленді.

Үндістан метеоқызметі ескерткендей, елдің солтүстігінде ауа температурасы айтарлықтай көтеріліп, күн 45 градусқа дейін ысуы мүмкін.

Арыстан Рысбек

Автор
Редакция
Бөлісу