Ресейде мұнай арзандап, экспорт көлемі азайды
Жақында Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін жарияламақ. Құжатта Ресейдің мұнайына шекті баға қойылды. Яғни, барреліне 60 доллардан 45 долларға бірақ арзандайды. Сарапшылардың айтуынша, бұл шара Ресейдің қара алтынының экспортын екі есе қысқартады. Жыл басынан бері Ресей мұнайы 25 пайызға арзандаған. Сондықтан үкімет ұлттық қордың қаражатына қол созып отыр. Тіпті ұлттық қордағы алтынын саудалай бастады. Осыған дейін Қытай, Үндістан, Африка елдеріне экспорт көлемі өсіп, қазынаға қаржы түсетін. Енді сыртқы сауда азайды.Теңіз экспортының жартысынан айырылған Ресейдің танкерлері де әлемдік саудадан шығарылды. Санкцияның 18-пакетіне сәйкес, Ресейлік шикізаттан жасалған дизель отынын сатып алуға тыйым салынады. Сонымен қатар, машина жасау, металдар, пластмасса және химиялық заттарды тасымалдауға болмайды. Тағы 22 Ресей банкіне экономикалық шектеулер салынбақ. Кәсіпорындар дағдарысқа қарсы шаралар қабылданбаса, алдағы айларда банкортқа ұшыраған компаниялардың саны өсетінін айтып, дабыл қағуда.
Валерий Дугинов, кәсіпкер:
Бұрын шетелден қажетті техниканы сатып алатынбыз. Себебі біздің кәсіпорынымыз тікелей шетелдік импортқа тәуелді. Алайда біз үшін Еуропа бағаны көтеріп тастады. Мәселен, қазіргі бір трактордың ақшасына бұрын жеті трактор алатын едік. Сондықтан шығынға батып жатырмыз.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
