Газа секторынан 17 бала Италия ауруханасына жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Газа секторынан 17 бала Италия ауруханасына жеткізілді

Газа секторынан 17 бала Италия ауруханасына жеткізілді

Газа Секторында Израильдің шабуылынан жараланған 17 бала Италия ауруханаларына ем алуға жеткізілді. Олардың арасында 11 жастағы Адам әл-Наджар бар. Жеткіншек 9 бауырынан айырылған. Ал өткен аптада Газадағы шабуылдан оның дәрігер болып жұмыс істеген әкесі қаза тапты. Науқас балалар Италияның Милан, Рим, Флоренция және Болонья қалаларындағы ауруханалардан ем алады. Италия сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жергілікті дәрігерлер жалпы алғанда 70 палестиналық баланы қабылдамақ.

Арай Төлегенқызы




Автор
Редакция
Бөлісу