Вьетнамда волейболшы қыздарымыз жартылай финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Вьетнамда волейболшы қыздарымыз жартылай финалға шықты

Вьетнамда волейболшы қыздарымыз жартылай финалға шықты

Волейболдан Вьетнамда әйелдер арасында өтіп жатқан Ұлттар кубогында Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Отандастарымыз бүгін топтағы соңғы кездесуін өткізді. Филиппин құрамасымен болған ойында қыздарымыз 0:3 есебімен ойсырай жеңілді. Осылайша В тобынан жартылай финалға Филиппин бірінші, Қазақстан екінші орынмен жолдама алды. Ұлттық құрама финалдың жолдамасын жарыс фавориті – Вьетнаммен сарапқа салады. Өткен жылы финалда қазақстандықтар дәл осы құрамадан ұтылған еді. 

Асылбек Данияр

Автор
Редакция
Бөлісу