Ресей мен Украина тағы да тұтқын алмасты
Ресей мен Украина тағы да соғыс тұтқындарын алмастырды. Мұны екі жақтың әскерилері мәлімдеп отыр. Осы жолы қанша жауынгердің үйіне оралғаны белгісіз.
Айта кетсек, мамырдың басында екі жақтың өкілдері Ыстанбұлда келіссөз жүргізіп, мыңдаған жауынгердің мәйітін бір-біріне қайтаруға уағдаласқан еді. Содан бері қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқандардың денелерімен бірге қатты жараланған немесе науқастанған бірталай сарбаз үйіне жіберілген. Олардың көбі 25-ке толмаған жастар. Тағы бір айта кететін жайт, тұтқын алмасу – өткен айда Түркияда қайта жанданған келіссөздердің жалғыз ғана нақты жетістігі.
Арыстан Рысбек
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner