Екі аяғынан айырылған Алуа оңалту орталығында емделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Екі аяғынан айырылған Алуа оңалту орталығында емделеді

Екі аяғынан айырылған Алуа оңалту орталығында емделеді

Астанадағы автобус апатынан екі аяғынан айырылған Алуа оңалту орталығында емделеді. Қыз баланың анасымен кездескен экс-министр, қазір балаларды оңалтудың Ұлттық орталығын басқарып отырған Ажар Ғиният осылай деді. Айтуынша, Алуаға протез салынған соң ғана оңалту орталығына жатып, кешенді курстан өтеді.

Естеріңізге салайық, Астанада 2 маусым күні жолаушылар автобусы жол жиегіндегі бағанға соғылып, 15 адам ауруханаға түскен еді. Ауыр жарақат алған Алуа екі бірдей аяғынан айырылды.

Армангүл Тоқтамұрат

Автор
Редакция
Бөлісу