28 мың адам жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істейді
Астанада жеңіл өнеркәсіп орындарының екінші съезі басталды. Бұл шара жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және еңбек ұжымдарының отандық экономиканы дамытуға қосқан үлесін тануға бағытталған. Жалпы еліміздегі жеңіл өнеркәсіп саласында 1 400-ден аса кәсіпорын бар. Соның ішінде 803-і тігін, 481-і тоқыма бұйымдарын өндіреді және тағы 122 былғары бұйымдарына арналған кәсіпорны жұмыс істейді. Бұл салада 28 мың адам жұмыспен қамтылған. Оның 60 пайызы әйелдер.
Дінмұхамед Абизов, «Qaz Textile Industry» Ұлттық бірлестігі» директорлар кеңесінің төрағасы:
Жұмысшы мамандықтарының жетіспеушілігі бар. Соны шешу, импортқа тәуелділікті азайту, экспортты арттыру мақсатында осындай шара өтіп жатыр. Нәтижелі болады деп сенемін.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner