«Өз кәсібінің үздігі» байқауының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Өз кәсібінің үздігі» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Өз кәсібінің үздігі» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Өз кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. «Ауылдың үздік дәрігері», «Жедел жәрдем мақтанышы» секілді 17 номинацияның үздіктерін Денсаулық сақтау министрі марапаттады. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған байқаудың мақсаты - медицина қызметкерлерін кәсіби шыңдалуға ынталандыру. Салтанатты іс-шарадан кейін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Асылбек Тоғызбай, Қазақстанның Еңбек сіңірген дәрігері:

Халықтың ықыласына бөленіп жатырмыз. Медицинадағы дәрігерлік өтілім 50 жыл. Бұл тек қана маған берілген марапат, көрсетілген ілтипат емес, жалпы медицна қауымына көрсетілген ілтипат деп ойлаймын.

Жанел Нұрболатқызы

Автор
Редакция
Бөлісу