Қарағандыда моноқалалардың мәселесі талқыланды
Қарағанды қаласында моноқалаларды дамытуға арналған республикалық форум басталды. Жиынға елдегі 20 шағын қаланың әкімдері қатысуда. Нақты қандай мәселе көтерілетінін байланысқа шыққан өңірдегі тілшімізден білейік.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Бұл жиын Қарағанды өңірінде өтіп жатқаны кездейсоқ емес. Саран қаласы соңғы уақытта ерекше қарқынмен дамып келеді. Сол тәжірибені негізге ала отырып шағын қалалардың дамуына серпін беру жиынның мақсаты. Шағын қалалар үшін басты критерий – өнеркәсіп дамуы тиіс және сол өндіріс орындарында жергілікті халықтың 20 пайызы жұмыспен қамтылуы тиіс. Біздің елде өндірістің 40 пайызы моноқалалардың еншісінде. Бір кездері мұндай шаһарлар 27 еді, қазір 20-ға қысқарды. Халық саны 1,5 млн-ға жуықтайды. Рудный, Екібастұз, Теміртау, Жаңаөзен осы төрт қалада халық саны 100 мыңнан асады. Шағын қаланың өзекті проблемасы инфрақұрылымдар тозған. Осы мәселені шешу үшін Үкімет 10 шағын қаланы дамыту үшін 2027 жылға дейін 1,7 трлн теңге қаржы жұмсамақ. Өзге де ақпараттарды алдағы жаңалықтарымызда айтатын боламын.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
01.09.2025, 14:50
Бердібек Мәшпекұлы өмірден озды
01.09.2025, 09:50
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner