Павлодарда алғашқы «Келешек мектептерінің» бірінің құрылысы аяқталды
Павлодар қаласындағы «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерген алғашқы мектептің құрылысы аяқталды. Жаңа білім ошағы «Достық» шағын ауданында орналасқан. Бұл кездейсоқтық емес. Себебі, дәл осы ауданнан жүздеген бала қаланың әр түкпіріндегі басқа мектептерге қатынап оқиды. Мектеп құрылысы мен жабдықтауға 6,5 млрд теңге қаржы жұмсалды. Екі спорт залы, акт залы, хореография бөлмесі, шеберхана, 352 орындық асхана, 45 санитарлық торап және 70 оқу сыныбы қарастырылған. Ауласында хоккей корты, футбол, волейбол және баскетбол алаңдары бар. Оқушылардың қауіпсіздігіне баса мән берілген. 152 бейнебақылау қамерасы орнатылған.
Самал Айтқазина, облыстық Білім беру басқармасының басшысы:
Достық ықшамауданы жаңа ықшамаудан. Сондықтан да ол жерде құрылыс қарқынды, әлі де жүріп жатыр. Бүгінгі оқып жатқан 500-ге жуық ол жерде оқушылар басқа қаланың мектептеріне тасымалдаумен және де мына қоғамдық көлікпен жетіп жатқан жайы бар. Сондықтан да осы ықшамаудандағы балалар осы жаңағы жайлы мектепке барады деп жоспарлап отырмыз. Оқыту тілі қазақ тілінде болады.
Болат Аманбаев
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner