Балқаш қаласында маса қаптап кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Балқаш қаласында маса қаптап кетті

Балқаш қаласында маса қаптап кетті

Қарағанды облысы Балқаш қаласында маса қаптап кеткен. Әсіресе көпшілік демалатын көл аумағы мен саябақтарда жүру мүмкін емес. Көлдің етегіндегі елді мекен тұрғындары мұндай қалың маса соңғы 10 жылда болмаған дейді. Тұрғындар жергілікті биліктен шара қолдануды сұрап, шағымданған.

Ал әкімдік сәуір айынан бері масамен алысып жатқандарын айтады. Осы уақытқа дейін 2 рет улаған. Алайда еш нәтиже бермепті. Амалы таусылған шенділер енді апта сайын дезинфекция жасамақ. Балқаш қаласының төңірегінде масаға қарсы 280 гектар жер уланған. Ал Қарағандының өзінде 600 мың шаршы метр аумақ дәріленген.

Сапар Сатаев, Балқаш қаласының әкімі:

Қаланың қазіргі уақытта ылғалы көбейген сайын масаның өмір сүру жағдайы жақсы болып тұр. Жаңбыр жауып, күн суып тұр. Сол үшін қала сыртындағы су қоймаларында ұрықтары көбейді. Сол кезде маса қаптап кетті.

Жандос Бақытұлы

Автор
Редакция
Бөлісу