Астананың айналасында масаны улау жұмыстары жүргізілуде
Мына кадрлар әлеуеметтік желіде тарады. Бас қаланың шет жағында тұрғындар масадан осылай қорғанып жүргендерін айтады. Қала әкімдігі маса, шыбын-шіркей сынды змянкестерді улау 23 сәуірден бері жүріп жатқанын айтты. Осы мақсатта қазір қала аумағында 10 бригада яғни 100-ден астам жұмысшы жұмылдырылған. Зиянкестермен күресуге Ресей, Қытай елінен алынған препараттар қолданылады. Бұл дәрілердің қала тұрғындарына залалы жоқ деп отыр. Сондай-ақ улау жұмыстары түнгі уақыттарда жүргізіледі. «Масаны азайту – басты мақсат. Ал оларды біржола жойып жіберу – табиғатқа да зиян», – дейді сала мамандары.
Азат Тұрапбаев, қалалық ветеринария және фитосанитария бөлімінің басшысы:
Жалпы, қорғану 3 турдан тұрады. Бірінші, ғылыми топ бар. Ғылыми топ осы аумақты зерттейді: қай жерге, қанша, не керектігін анықтайды. Одан кейін маса тек қана сулы жерлерде дамиды ғой. Сондықтан бірінші суды өңдеу іске асырылады. Одан кейін барып қаланың жалпы аумағында жұмыс атқарылады.
Ақниет Балтанова
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner