Ақтөбе облысында «Даму» қоры арқылы 198 жоба қолдау тапты
Ақтөбе облысында биыл «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы 25 миллиардтан астам теңгеге 198 жоба қаржыландырылған. Соңғы бір жылда 485 жұмыс орны ашылды.
Сазды ауылында орналасқан бұл шағын зауыт өндірістік және тұрмыстық химиялық өнімдер шығарады. Кәсіпорын жыл сайын қордан 90 миллион теңге субсидия алып келеді. Соның арқасында табысы артып, жаңа жұмыс орындарын ашты. Қазір алпыс адам еңбек етеді. Енді жаңа құрылғылар алып, өндіріс орнын толықтай автоматтандыру жоспары бар.
Айдос Жәмидолла, зауыт қызметкері:
Бұл программаны 2019 жылдан бері қолданып келеміз. Ол программа толықтай осы өндіріс орнын қамтамасыз етуге, өндірісті шикізатпен қамтуға қолданылады. Яғни, біз кредитке алған шикізаттың пайыздық ставкасы төменірек болады.
«Даму» қорынан қолдау көрген кәсіпкерлер соңғы бір жылда 1,1 триллион теңгенің өнімін шығарды. Бюджетке 75 миллиард теңге салық түсті. Жыл сайын инвестициялық жобалардың үлесі артып келеді. Бүгінде 1-ден 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға 85 пайыз, ал 2-ден 8 млрдқа дейінгі ірі жобаларға 30 пайыздық кепілдік беріледі. Сондай-ақ «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды.
Айнагүл Ниязова, «Даму» кәсміпкерлікті қолдау қоры облыстық филиалы директорының орынбасары:
Тиімді пайыздық мөлшерлеме 12,6 пайызбен беріледі. Себебі екінші деңгейлі банктердің пайыздық мөлшерлемелері 20 пайыздан асады. Бағдарлама өндіріске, ауыл шаруашылығы, туризмге, логистикалық компанияларға арналған.
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
