Сарапшылар Өзбекстанның ДСҰ кіру жоспарына қатысты алаңдаушылық білдірді
Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Осы аптада Астанада көрші мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеев пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин арасында тиісті келіссөз жасалды. Ресми Ташкент Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу жоспарын «Әбден ойластырылған таңдау және реформалардың ажырамас бөлігі» деп атады. Әсіресе, жеміс-жидек пен көкөніс экспортынан миллиардтаған доллар табыс табуға мүдделі. Жасыл энергияны дамытып, сыртқа сату жоспары да бар. Мемлекет тарапынан бизнесті қолдау шаралары жалғаса беретінін билік өкілдері әрдайым айтып келеді. Әйтсе де, кей сарапшылардың бұған күмәні бар. Өзбекстанның ұйымға кіру туралы шешімі ел экономикасына кері әсерін тигізе ме деп алаңдайды.
Бахтиёр Эргашев, экономикалық сарапшы:
Импорт көбейеді, жұрт сырттан келетін арзан тауарға жүгіреді. Алыпсатарлар шаш етектен пайдаға кенеледі. Есесіне жергілікті тауар өндірушілердің бизнесі шатқаяқтауы мүмкін. «Нарыққа бейімделе алмаса, бәсекеге қабілетсіз болса, өз обалы өзіне, орнын босатсын»,- деген қағида бұл жерде жүрмеуі керек. Себебі, олар барлығын нөлден бастады. Қаншама жұмыс орнын ашып, елге нәпақа тауып беріп отыр. Мемлекетке қыруар салық төлеп жатыр.
Базаргүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
