«Вайнах» қауымдастығы 30 жылдығын атап өтіп жатыр
Қазақстандағы «Вайнах» шешендер мен ингуштар қауымдастығы 30 жылдығын атап өтіп жатыр. «Вайнах» сөзін екі ұлт «біздің адамдар» деген мағынада қолданады. Бүгін мейрейтой аясында Достық үйінде арнайы форум өтті. Жиын этнографиялық көрмеден басталды. Онда вайнахтардың дәстүрлі мәдениетіне тән тұрмыстық бұйымдар, әдебиет, бейнелеу өнері туындылары және ұлттық тағамдар ұсынылды. Форумға қауымдастық басшылығынан бөлек Ассамблея мүшелері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Зелимхан Зубариев, «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының мүшесі:
Бәрі осы Қазақстан, қазақ елінен келіп осы бүгін мына шараны өткізіп жатырмыз. Қазақ халқы кезінде бізге, ата-бабаларымызға көмектескен. Қазақ халқын, оның салт-дәстүрін сыйлап, тілін сыйлап, жастарға осының бәрін айтып жатырмыз. Мен өзім қазақтардың арасында тұрамын. Жалғыз бір отбасы, бірақ жалғыз деп өмірімде ойлаған жоқпын. Неге десе, той-садақа, барлық жерде араласамыз.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner