БҚО-да полицейлер толғақ қысқан әйелге шұғыл көмек көрсетті
Батыс Қазақстан облысында полицейлер толғақ қысқан әйелге шұғыл көмек көрсетті.
Ақжайық ауданы аумағындағы Орал-Атырау тасжолында көлік жүргізушісі полицейлерді тоқтатып, көмек сұраған. Тәртіп сақшылары Исаин Қоғабаев пен Еламан Аманжанов жүкті әйел мен медициналық қызметкерді қызметтік көлікке отырғызып, арнайы дыбыстық және жарық сигналдарын пайдалана отырып, оларды аудандық перзентханаға жеткізген. 24 жастағы әйел аман-есен босанып, қыз тапты. Жедел әрекет еткен полиция қызметкерлеріне алғыс айтты.
Ардақ Мұратқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner