Алматыда коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
Алматыда нөсер жаңбырға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Метеорологтардың болжамынша, бүгін алып шаһарда жауын-шашынмен қатар, найзағай ойнап, тіпті бұршақ жаууы мүмкін.
Жазира Оразқызы, тілші:
Дәл қазір күн райы ашық болғанымен, кешелі бері салқындаған. Қатты жел соғып, сағат үштерде жаңбыр жауа бастады. Сәл саябырсығанымен, синоптиктер кешкі 8-де басталатын жауын 1 тәуліктен аса тоқтамайды дейді. Апта бойы аптап ыстықтан абдыраған алматылықтар бүгінгі жаңбырлы күн райын тағатсыздана күткендей. Осылайша мамандар әдеттегі маусым айына тән жауын-шашынның үштен бірінен астамы жаууы мүмкін екенін болжап отыр. Су басу қаупінің алдын алу мақсатында 52 мобильді жедел бригада және тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Күндізгі уақытта 426 арнайы техника, мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылған. Құтқару қызметі күн райының қолайсыздығына байланысты тауға бармауға және барынша сақтық щараларын ұстануға шақырып отыр.
Жазира Оразқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды
05.08.2025, 20:22

Аптап ыстық: Жапония үкіметі тұрғындар үшін алаңдаулы
05.08.2025, 20:20
Қостанай облысындағы тарихи ескерткіш әлемнің рекордтар кітабына енді
05.08.2025, 20:19
Жетісу облысында 77 үйдің шатыры жөнделіп жатыр
05.08.2025, 20:18
Израиль Газа секторын қайта басып алуы мүмкін
05.08.2025, 20:17
Ата кәсіпті нәсіп еткен
05.08.2025, 20:16
АҚШ-та Boeing қызметкерлері жұмысқа шықпады
05.08.2025, 20:14
Абай театрында «Ой толғау – Хәкім Абай» монооперасы қойылды
05.08.2025, 20:10
Banner