Сенат жаңа Салық кодексін қарауды бастады
Сенат бүгін жаңа Салық кодексін қарауды бастады. Құжатты депутаттар Үкімет мүшелерімен, осы сала мамандарымен бірлесе отырып талқылайды.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Жаңа кодекс салық саясатын түбегейлі өзгертеді. Жалпы, құжат Президенттің тікелей тапсырмасымен әзірленіп жатқаны белгілі. Алғашқыда кодекс өткен жылдың қыркүйек айына дейін қабылдануы тиіс болған. Алайда Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында мұндай маңызды құжатты әзірлеу кезінде асығыстық танытуға болмайды. Барлық деталь толық ескерілуі тиіс деп, құжатты қабылдау уақытын тағы бір жылға созған еді. Өйткені салық әр қазақстандықтың табысына, өміріне тікелей әсер етеді. Сонымен, Сенат депутаттары кодексті бүгін бірінші оқылымда қарайды. Мәжіліс қабылдаған нұсқа бойынша кодекстегі ең үлкен өзгеріс - қосылған құн салығының ең жоғарғы мөлшерлемесі 16 пайыз болып белгіленді. Бұл ақша айналымы 40 миллион теңгеден асатын кәсіпкерлерге ғана қатысты. Олар бұған дейін 12 пайыз төлеп келген. Естеріңізге сала кетейін, Үкімет қосылған құн салығын 20 пайызға көтеруді ұсынған еді. Депутаттық корпуспен Үкіметтің бірлескен жұмысынан кейін қосылған құн салығы 16 пайызға дейін төмендетілді. Ал дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге бұл мөлшерлеме едәуір төмен. 2026 жылдан бастап 5 пайыз, 2027 жылдан 10 пайыз болады деп белгіленген.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner