Оралда ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алды
Оралда қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлерін еске алып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Ел бойынша 842 тәртіп сақшысы мерт болса, соның 32-сі қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан. Олардың арасында 25 батысқазақстандық полиция қызметкері бар. Батырлардың рухына тағзым ету, кейінгіге үлгі ету мақсатында патриоттық іс-шараға өскелең ұрпақ арнайы шақырылды. Балаларға шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Олар қару-жарақ пен арнайы техникалар көрмесін тамашалады. Өңірде қаза тапқан полиция қызметкерлері оқыған мектептерде «Батылдық бұрышы» мен «Жас сақшы» сыныптары жұмыс істейді.
Нұрмахан Жалғасов, облыстық ПД бастығының орынбасары:
Күнделікті қоғамдық тәртіпті сақтау мен қамтамасыз ету барысында әрбір қызметкер өмірде қауіпті жағдаймен бетпе-бет келеді. Өзінің өмірін де қауіпке тігеді. Өскелең ұрпаққа үлгі ретінде біздің полиция қатарында антына адал қызмет етіп жатқан нағыз патриоттар бар екенін әрі олардың есімін мәңгі сақтау мақсатында атқарылып жатқан іс-шара.
Ардақ Мұратқызы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner