Жайылым тапшылығы екі есеге азайды
916 мың гектарға жуық жер резервке қойылды. Бұл елдегі жайылым тапшылығын екі есеге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Былтыр шаруалар мен төрт түлік өсіріп отырған халыққа 8,5 млн гектар жайылым жетіспесе, биыл қажеттілік 4 млн гектарға дейін азайған. Бүгін Мәжіліс отырысында «Жайылым туралы» заңның іске асырылуы жайлы есеп берген Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов осылай деді. Оның айтуынша, республика бойынша қайта мал санағы жүргізіліп, заңсыз берілген 2 млн гектар жер халықтың ортақ пайдалануына берілген.
Азат Сұлтанов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
1 млн 144,6 мың гектар жайылым халықтың малын жаю үшін ортақ пайдалануға бекітілді. 723,1 мың гектар жайылымға жер пайдалану құқығы конкурстық негізде берілді. Елді мекендердің шекарасы іргелес жатқан 79,4 мың гектар жайылым жерімен кеңейтілді. 916,8 мың га жайылым резервке қойылды.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner