2024–2025 оқу жылында жаңа форматтағы 105 мектеп пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар 2024–2025 оқу жылында жаңа форматтағы 105 мектеп пайдалануға берілді

2024–2025 оқу жылында жаңа форматтағы 105 мектеп пайдалануға берілді

«Келешек мектептері» ұлттық жобасына қайта оралсақ. Мемлекет басшысының бастамасымен 2024–2025 оқу жылында 254 мың орындық 105 жаңа форматтағы мектеп пайдалануға берілген. Ал жыл аяғына дейін олардың саны 217-ге жетеді деп жоспарланып отыр. Әр балаға қолжетімді, тең мүмкіндіктер беруді көздейтін оқу орындарында робототехника кабинеттері, STEM-зертхана, хореография залы, заманауи бейнебақылау жүйесі және тағы басқа аймақтар бар. 

Темірлан Нұрсолтан

Автор
Редакция
Бөлісу