Денсаулық сақтау саласына PhD бейінді докторантура енгізіледі
Келесі жылдан бастап денсаулық сақтау саласына PhD бейінді докторантура енгізіледі. Бүгінде ел ішіндегі 31 білім және ғылым ұйымы медицина ғылымымен айналысады. Салада халықаралық рецензияланатын басылымдарда жарық көрген жарияланымдар саны да артып келеді. 2020 жылы мұндай еңбектер саны 600 болса, былтыр көрсеткіш 2 есеге өсіп, 1200-ге жеткен. Бұл туралы бүгін Орталық Коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:
Еліміздің ғылым саласында 3 мыңнан астам ғылыми қызметкер еңбек етеді, оның ішінде 500-ге жуығы ғылым докторы, 2 мыңы медицина ғылымдарының кандидаты және 600-і PhD докторы. Келесі жылдан бастап ғылыми-зерттеу ұйымдары мен ғылыми орталықтарға PhD бейінді докторантура енгізіледі.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner