Таразда ел тыныштығы жолында ерлік көрсеткендерді еске алды
Тәуелсіздік жылдарынан бүгінге дейін Жамбыл облысында 73 полицей қызмет бабында қайтыс болған. Ел тыныштығы жолында ерлік көрсеткен құқық қорғау саласы қызметкерлерін әулиеаталық әріптестері еске алды.
Полицейлер мен сала ардагерлері «Жеңіс» саябағына жиналып, халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Көзі тірісінде полиция капитаны болған ол қылмыскер қолындағы гранатаны денесімен жауып қаза болған еді. Осы ерлігі үшін Байтасовқа «Халық қаһарманы» атағы берілді. Өңірде батыр полицейдің жолын жалғап, жоғары дәрежелі «Айбын» орденін алған 17, «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған 23 полицей қызмет етеді.
Тұрдалы Шералин, облыстық ішкі істер органдары ардагерлері кеңесінің төрағасы:
Президенттің қойған тәртібі – бүкіл құқық қорғау органдарына «Заң мен тәртіп» қағидасын орнату керек. Учаскелік полицейлердің барлығына 1 жылды 1,5 жыл есебінде беретін болды. Одан кейін оперативті жұмыстар мен басқалардың барлығына жалақыларын көтереміз деді. Бұл біздің имиджімізді көтеретін іс-шара деп білемін.
Данияр Әлімқұл
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner