Гаагада НАТО елдерінің саммиті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Гаагада НАТО елдерінің саммиті өтеді

Гаагада НАТО елдерінің саммиті өтеді

Нидерландтың Гаага қаласында НАТО елдері басшыларының саммиті басталды. Оған АҚШ президенті Дональд Трамп та қатысады. Форумда талқыланатын негізгі мәселелер – қорғаныс бюджетін арттыру және Украинадағы соғыс.

Болжамдарға қарағанда, Солтүстік атлантикалық Альянс мемлекеттерінің басшылары өз елдерінің жалпы ішкі өнімінің 5 пайызын әскерді күшейтуге жұмсауға уағдаласуы мүмкін. Сонымен қатар НАТО лидерлерінің сөзінше, Ресей Украинаны басып алса, Мәскеу күштері Еуропаның өзге елдеріне де шабуыл жасай ма деген қауіп бар. Дегенмен, маусымның 21-де Кремль басшысы мәлімдегендей, Ресей НАТО-мен соғысуға әзірленіп жатқан жоқ.

Арыстан Рысбек


Автор
Редакция
Бөлісу