Ғалымдар: Абай мұрасы өзектілігін жойған жоқ
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл. Осыған орай Ұлттық академиялық кітапханада «Адамзаттың бәрін сүй…» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Шараға ТМД елдерінен ғалымдар онлайн қосылып, отандық абайтанушылар, тарихшылар мен филологтар оффлайн форматта қатысты. Басқосуда Абайдың мол мұрасының бүгінгі қоғам үшін маңыздылығы талқыланды. Ақынның философиялық, әдеби, ағартушылық ойлары әлі де өзекті екені айтылды. Сондай-ақ қазақстандық және шетелдік ғалымдар Абай шығармашылығын тереңірек зерттеу бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Аслан Ғафуров, Ұлттық академиялық кітапхананың ғылыми хатшысы:
Кітаптар да жазылып жатыр, шығармашылығы да зерттеліп жатыр. Ғылыми айналымдағы жұмыстардың нәтижелері, осының бәрін болашақта қорытындыланып жинақ болып шығуы, кітапханалар арқылы оқырман қауымға жетуі, түбегейлі Абайдың қарасөздері ағылшын, орыс, қазақ, түркітілдес бауырларлардың бірнеше тіліне аударылған аудармалардың жиынтығы оқырманға жетуі, жан-жақты талқыланады.
Асылбек Даняир
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner