Екі қазақстандықтың Индонезияда есірткімен ұсталғаны ресми расталды
Екі қазақстандықтың Индонезияда есірткімен ұсталғаны ресми түрде расталды. Бұл туралы бүгін Сенат отырысына қатысқан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев айтты. Оның сөзінше, Индонезия тарабы қазір тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Айта кету керек, бүгінде Қазақстан мен Индонезия арасында заң бұзып, ұсталған азаматтарды алмасу туралы келісім жоқ. Десе де Сыртқы істер министрлігі ресми сауал жолдамақ. Содан кейін тұтқынға алынған қазақстандықтардың тағдыры шешілмек. Индонезия сотының қандай шешім шығаратынын күтеміз, деді министрдің орынбасары. Алдыңғы хабарымызда Қазақстанның екі азаматы 49 грамм метамфетаминмен ұсталғанын хабарлаған едік.
Әлібек Бақаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
Бұл мәселе азаматтардың өзіне байланысты. Олар сыртта ұсталса, консул шақырылады. Консул керек деген хабар берсе, міндетті түрде Индонезиядағы консулымыз барып, сол азаматтармен сөйлеседі. Бүгінгі таңда байланыс болмады. Консулдық өкілдері оны күтпестен тергеу тарабымен байланысқа шықты. Бірақ қорғаушыны Индонезия тарабы берді. Бұл жерде Қазақстан азаматтары ғана емес, күдікке ілінген басқа елдердің азаматтары да бар.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner