СҚО-да газ тасымалдайтын көлік жанып, 9 адам жарақат алды
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданындағы Ильчевка ауылындағы май зауытында газ тасымалдайтын көлік жанып, 9 адам жарақат алды. Теріскейдегі тілшіміз Эльмира Кәленова студиямен тікелей байланыста. Эльмира, жапа шеккен азаматтардың жағдайы қалай?
Эльмира Кәленова, тілші
Қайырлы күн! Біз қазір оқыс оқиға тіркелген зауыттың жанындамыз. Кәсіпорын басшылығы жедел шаралар жүргізіліп жатқанын айтып, ішке кіруге рұқсат берген жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сай 2 науқастың жағдайы ауыр. Олар Көкшетау қаласындағы ауруханалардың бірінде жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы үш адам Тайынша аудандық ауруханасында ем алуда. Қалғандарына алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өрт аумағы 50 шаршы метр. Оны сөндіру үшін Ақмола облыстық төтенше жағдай қызметінің мамандары да көмекке келді. Алдын ала болжам бойынша газ құю кезінде шланг үзіліп кеткен.Тайынша майы зауыты – Қытай елімен бірлескен жоба. 2016 жылы ашылған. Кәсіпорында зығыр, рапс, күнбағыс майы өндіріледі. Басым бөлігі Қытайға экспортталады.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner